Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді

Сараптама орталығының экс-басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұны Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі растады.

«2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байғабыловқа қатысты ұсыныс қаралды», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы Байғабыловқа («Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасарына) ақша бергені анықталды.

Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметін тергеу 2022 жылы басталғанын, параның сомасы 2,5 мың доллар екенін хабарлады.

Еске салайық, Сәдуақас Байғабылов 2023 жылғы 18 мамырда «Ұлттық сараптама орталығы» төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...