СҚО бойынша ҚАЖД 60-тан астам қызметкері «Қазақстан полициясы күні» қарсаңында марапатталды

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» заң қабылданды. Бұл Қазақстан полициясының міндеттері мен функцияларын айқындаған Республика тәуелсіздігі жарияланғаннан кейінгі алғашқы құқықтық акт болды. 2007 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым ресми түрде Полиция күні болып бекітілді.

Мереке қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінде салтанатты іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Әнұранын орындағаннан кейін Департамент бастығы әділет полковнигі Әділет Мұстафинов құттықтау сөз сөйледі.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан Қазақстан азаматтарының қалқаны мен қылышы болып, қорғауды қажет ететіндерге көмекке келуге дайын. Бұл күні біз жауынгерлік бекетте қаза болған әріптестерлерімізге және бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін қиғандарды еске аламыз.

Құрметті ардагерлерімізге мамандыққа берілгендігі, жас мамандарды тәрбиелеуге, олардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға көмектескені үшін ерекше ризашылығымды білдіремін»,- деп атап өтті Әділет Хажетұлы.

Іс-шара барысында ҚР ІІМ Министрінің, ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының және СҚО бойынша ҚАЖД басшылығының бұйрықтарымен 60-тан астам қызметкер, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері және басқа да органдардың өкілдері марапатталып, көтермеленді.

ҚР Ішкі істер Министрінің құқықтарымен бірқатар қызметкерлер «Кылмыстық-атқару жүйесіне қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және Қазақстан Полициясы күнін мерекелеуге байланысты ерекше көзге түскен қызметкерлерге арнаулы атақтар мерзімінен бұрын берілді.

Сонымен қатар, Департамент бастығының құқығымен 40-тан астам қызметкер мен ардагер «Қазақстандық полициясына 30 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...