Сот үкімінен кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының қандай мүлкі тәркіленеді?

Астана қаласы Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушыларға қатысты іс бойынша 43 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрлігінің материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Садвокасовадан 43 миллион 829 мың 114 теңге материалдық шығын мемлекет пайдасына өндірілсін. Осы үкiм заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандарға азаматтық талап бойынша сот үкiмiн өз еркiмен орындау үшiн бiр ай мерзiм белгiленсiн. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін азаматтық талап тұрғысынан үкімді орындамаған жағдайда ол мәжбүрлеп орындауға жатады», — деді судья.

Ол тергеу сатысында Мұхамедиұлы 111 миллион теңгеден аса шығынды ішінара өтегенін атап өтті.

Сот мынадай шешім шығарды:

  • Әрбір сотталған адамнан — Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан мемлекет кірісіне 328 мың 718 теңгеден мемлекеттік баж өндіріп алынсын;
  • Әрбір сотталған адамнан — Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан процестік шығын үшін мемлекет кірісіне 855 мың 343 теңгеден өндіріп алынсын;
  • Әрбір сотталған адамнан — Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан жәбірленушінің пайдасына 20 АЕК, 55 мың 560 теңге мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынсын;
  • Көшеновтың мүлкінен — УАЗ 390945 маркалы көлік құралына, Астана қаласындағы Ұлы дала, 7/7 мекенжайындағы пәтерге, Ұлы дала, 7/2 мекенжайындағы тұрақ орнына азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін салынған тыйымды сақтау;
  • Азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін Мұхамедиұлының мүлкінен Toyota Camry маркалы көлік құралына салынған тыйымды сақтау.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...