Сот бақылауы сенімді нығайтуда

Заңды күшіне енген сот шешімінің орындалуы міндет, орындамайтындар
жауапкершілік арқалайды Республикамыздың Әкімшілік рәсімдік-процестік
кодексімен сот бақылауы институты енгізілді. Бұл институт әкімшілік сот
өндірісінің міндеттерін жеке және заңды тұлғалардың жария-құқықтық
қатынастардағы құқықтарын қорғап, қалпына келтіруге бағытталған.
Мәселен, шешім шығарылған кезде жауапкерлер, яғни, мемлекеттік
органдар мен лауазымды тұлғалар үшін шешімнің орындалу мерзімі
белгіленеді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте көрсетілгендей, жауапкерлер
заңды күшіне енген шешімді бір ай мерзімде орындап, ол туралы сотқа
хабарлауы тиіс. Шешім орындалмаған жағдайда сот отырысы тағайындалып,
оның орындалмау себептері анықталады. Сот актісін негізсіз
орындамағандарға аталған кодекстің 127-бабының 5-бөлігіне сай 50 АЕК
мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылады.
Заң талабына орай, сот шешімін ерікті түрде орындамағандарға ақшалай
айыппұл бірнеше рет қолданылуы мүмкін. Ақшалай өндіріп алу ұйғарым
табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде республикалық
бюджеттің кірісіне өндіріледі. Айтып өтерлігі, ақшалай өндіріп алу
қолданылған жауапкер өзін төлеуден босату, оның мөлшерін азайту туралы
өтінішхатпен сотқа жүгіне алады. Сондай-ақ, соттың мұндай ұйғарымның
орындалуын кейінге қалдыруға немесе екі айда бөліп төлеуге мүмкіндік
беруі заңмен қарастырылған.
Шын мәнінде шешімнің уақытылы әрі сапалы орындалмауы халықтың
сотқа, құзырлы органдарға деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сол себепті,
өздері шығарған шешімді соттың тікелей бақылауға алуы олардың дер
кезінде орындалуын қамтамасыз етеді. Әрі шешімді орындау сотпен
бақыланатынын білгендер өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сот арқылы қорғалуына
Конституция, т.б. ел заңдарымен кепілдік берілген. Яғни, заң ешкімге
артықшылық бермейді, соттың алдында жұрттың барлығы тең. Соттардың
міндеті азаматтар мен заңды тұлғалардың істерін конституциялық құқыққа
сай шешіп, заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Сот шешімінің орындалуы өз
кезегінде сот төрелігінің соңғы нүктесін қояды.
Сот бақылауы сотқа деген сенімді нығайтуда тиімді тетік болуда.
Еліміздің әрбір азаматы заңды құрметтеп, оның талаптарын мүлтіксіз
орындауы арқылы өркениетті мемлекет құруға атсалысатынын
ұмытпағандары абзал.

С.Жұмабаев,
Маңғыстау облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...