Сотталған әйелдер Наурыз мейрамын атап өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №10 мекемесінде көктемгі «Наурыз» мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Сотталған әйелдер Ұлттық киім киіп, халық әндерін орындады, ал би студиясының талантты қыздары көрермендерге ұлттық билерін сыйлады. Сонымен қатар, 7 жасақ арасында ең әдемі безендірілген киіз үй конкурсы өтті.

«Мұндай іс-шаралар әр мерекеге орай өткізіледі. Сотталғандар үлкен ықыласпен қатысып, киіз үйдің әр бөлшегін өз қолдарымен безендірді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Белсенді қатысушыларға мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс жарияланады.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...