Сотталған емханаға жолданды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖД қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанды психодиспансерге ем қабылдауға жатқызды.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінде пробация қызметкерлері мен қалалық емханасымен бірлесіп психикалық емдеу орталығына 2 ай мерзімге ем қабылдауға жолданды.
Бұл сотталған азамат азамат өзі психикалық дәрігерде «Д» тізімінде тұрады. Екінші топтағы мүгедектігі бар. Психиятордың бақылауында тұрады. Нұрден есімді сотталған азамат бір емес бірнеше рет көршілерінің заттарын ұрлағаны үшін Түркістан қалалылық сотының үкімі бойынша ұрлық бабымен бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалған болатын.

— Атап өтер болсақ бұл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған Нүрден есімді сотталған азаматты сот сараптамасы бойынша пробациялық бақылауға алынып жазасын өтей алатыны дәлелденген болатын. сөйтіп, өткен жылы пробациялық тізімге алынды. Қалалық соттың үкімінде психиятордың бақылауында болу керек екені көрсетілген. Нүрденнің отбасындағы мүшелерінің айтуы бойынша, оның денсаулығының сыр беріп жүргеніне байланысты психияторлық емдеу орталығына жатқызу үшін қалалық емханаға өтініш жазып, оны тексеруден өткізіп, орталықта ем қабылдауға жолданды. Алдағы уақытта ем қабылдан отбасына оралады деген сенімдемін, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Жасұлан Шарипов.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...