СОТТАЛҒАНДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗІЛДІ

Қонаев қалалық көпсалалы аурухана мамандары Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесіндегі сотталғандарды медициналық тексеруден өткізді. Жазасын өтеп жатқан ер азаматтарды тексеруді тәжірибелі және білікті дәрігер-мамандар жүзеге асырды.
Сонымен қатар Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы жылжымалы диагностикалық медициналық кешен ұсынды. Онда сотталғандарға ультрадыбыстық зерттеулер мен кеуде қуысының органдарын тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде оларға әртүрлі диагноздар қойылып, медициналық ұсыныстар тағайындалды, ал кейбіреулері әрі қарай тиісті жоспарлы емдеу үшін диспансерлік есепке алынды.
«Мұндай іс-шаралар ауруларды уақтылы анықтау және оларды емдеу бойынша жұмысты жеңілдетеді. Барлығы екі жүзге жуық сотталған тексеруден өтті. Жазасын өтеушілерді медициналық тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Ерлан Ұзақов.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...