Сотталғандар еңбегі

Колониядағы еңбек дағдысы – табысты болашақ кепілі. Осы мақсатта Қызылорда облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің өндірістік аймағында алты кәсіпкер кәсібін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі полистиролбетон блок шығаратын цех. Маусымдық жұмыс болғандықтан азирге 6 адам жұмыс жасауда. Наурыз айынан бастап тұтынушы талабына байланысты адам саны көбейту жоспарлануда. Қазіргі уақытта мекеме басшылығының рұксатымен сотталғандарға видеокурс жүргізілуде. Видеокурста полистиролбетон блоктарды қалай шығарылатыны, құрал-саймандармен танысу жіті көрсетілген. Үш жыл көлемінде жұмыс жасап жатқан сотталғандар шығаратын өнім тұтынушылар сұранысына ие.

Осындай видеокурстарды өткізу өте пайдалы. Жұмысшы жұмыс барысын өз көзімен көріп, жұмысберушілермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, бостандыққа шыққанда дайын маман атанады. Қазіргі уақытта біздің цехта жұмыс жасап, еркіндікке шыққан 2 сотталған осы салада жұмыс жасауда, — дейді кәсіпкер Санат Шалбуов.

«Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Мекеменің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында қаламыздағы жеке кәсіпкерлерге ашық есік күндері, семинар-кеңестер өткізілді. Жеке кәсіпкерлерді өз кәсібін дамыту мақсатында мекемемізге шақырамыз», – деді өз сөзінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Қалиев Бағлан Болатұлы.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...