Сотталғандар білімдерін арттырды

2023 жылғы 16 ақпанда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде кешкі мектепте білім алатын сотталғандарға биология пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Шиелі аудандық жалпы орта білім беретін кешкі мектептің мұғалімі Қ.Утепбергенқызының ұйымдастыруымен 8 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өткізіліп, слайдтар көрсетілді. Оқушылар арасында « Көру мүшесінің құрылысы», «Көрудің маңызы», «Көру қызметінің бұзылуы», «Көру гигиенасы» тақырыбында «кім тапқыр», «кім жылдам»ойындары ойнатылып, сондай-ақ, тест сұрақтарына жауап беріп, заманауи үлгіде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кубик арқылы тапсырмалар орындады. Түрлі ойындар барысында сотталғандар өздерінің сабаққа деген бейімділіктерін көрсетіп білімдерін арттырды.

Сабақ соңында оқушыларға көз туралы қызықты мәліметтер дайындап келу арқылы үй тапсырмасын беріп, білім алушылар жоғары деңгейде бағаланып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сотталған А. есімді азаматтың айтуынша мектеп қабырғасында ала-алмаған білімдерін түзеу мекемесінде алып жатқанына өте қуанышты. Осы уақытқа дейін «Химия», «Қазақстан тарихы», «Орыс тілі» пәндерінен сабақтарға қатысып өздерінің білімдерін арттырғанына кешкі мектеп мұғалімдеріне алғысын білдіреді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Концерт ко Дню Абая

В учреждении средней безопасности для осуждённых был проведён концерт,...

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...