Сотталғандар арасында мерекелік шара өтті

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінде жаза мерзімін өтеп жүрген азаматшаларда назардан тыс қалмады. Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтіп, мерекелік құттықтау тілектері айтылып, гүл шоқтары ұсынылды.

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, әйел азаматшаларға арнап, мекемедегі жазасын өтеушілер белсенділік танытып, ер азаматтар арасынан бірі өлең оқыса, бірі ән айтты. Қазіргі таңда мекемеде 13 азаматшаны жазасын өтейді. Сотталғандардың барлығы мекеменің ішкі күн тәртібіне бағынып, мерекелік мәдени шараларға белсене қатысады. Жаза басып жаңылған азамат пен азаматшаларды қайта қоғамға бейімдеуге тәрбиелік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп тұрады. Әр мереке сайын спорттық шаралар, тренингтер, психологиялық көмектер, мәдени шараларды өткіземіз. Мәдени орындарға, облыстық кітапханаларға да жиі апарамыз. Біздің басты мақсатымыз- сотталғандарды қоғамның толық құқылы мүшесі әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне оралуына көмектесу»,- деді тәрбие бөлімінің бастығы А.Уайдаев.

— Темір торда отырғаныма бір жылға жуықтады. Жазамды өтей жүріп бостандықтың, отбасымның қадірін түсінеді екенсің. Қиын болғанымен қылмыстың өтеуі жаза екенін білеміз. Мекеме қызметкерлері құқықтық көмек көрсетіп, мәдени шараларға қатыстырғанымын отбасыңның жанында жүргеніңе жетпейді . Мерекеге орай жақсы көңіл күй сыйлап, жылы лебіздерін білдірді. Жазамды өтеп отбасыма тезірек оралсам деген арманым бар»,- сотталған азаматша.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...