Сотталғандарға ораза ұстау және оны тағайындау мәселесі бойынша түсіндірме дәріс өтті

Бүгін, 20.03.2023 ж. ҚР ІІМ ҚАЖК № 64 мекемесінде келе жатқан қасиетті Рамазан айына байланысты шаруашылық қызмет көрсету отрядының сотталғандарына арналған Астана қаласы дінді зерттеу орталығының мамандары Д. Тойғалиев пен И. Бердалиев сотталғандардың ораза ұстау және оны тағайындау мәселесі бойынша түсіндірме дәріс өткізді. Дәріс барысында қонақтар сотталғандарға ораза ұстау ережелерін және діни рәсімдерді сақтауға қатысты басқа да мәселелердің маңыздылығын түсіндірді.

Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы тобының инспекторы өз кезегінде сотталғандарға ораза кезінде ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі туралы түсіндірді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...