Сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер қала ішіндегі жеке кәсіпкерлерде, өндірістерде келісімшарт негізінде жұмыс жасайды. Бүгін осы мекемеде мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Абай Битаевтың төрағалығымен сотталған азаматтарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Кездесу барысында әділет майоры А.Битаев жеке кәсіпкерлерге жазасын өтеушілердің айлық жалақыларының уақытылы төленуі, оларды жұмыс уақытында жұмыс орнынан босатпау, сотталғандар кешіккен жағдайда мекемеге хабарлама беруді бас айтты. Сондай-ақ жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі, техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы нұсқаулықпен күнделікті таныстырып айтып отыру қажеттігін, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды жұмыс барысында қолдануға бермеу керектігін тарқатып айтты.
Қазіргі таңда №37 мекемесіндегі 150 -ден астам сотталған қала аумағындағы 29 кәсіпкерде жұмыс жасайды. Олар газоблок, құм блоктарын өндіру, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, кірпіш өнімдерін шығарумен және автокөліктерді жөндеу, жұмсақ жиһаз даярлаумен айналысады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...