Сотталғандардың білімін арттыруға ықпал еткен кездесу

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіне РАТТ мүшесі, исламтанушы Қойшыбаев Айбар Асхатбекұлы келді.

Басты мақсат: сотталғандармен діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Исламтанушы 2 азаматпен жеке қабылдау, 8 азаматқа топтық кездесу өткізді.

Бұл кездесу Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық – түсіндірмелік шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы және «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған болатын.

Кездесу барысында Айбар Асхатбекұлы жазасын өтеушілерге «Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ол өз сөзінде : «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді.

Сондықтан әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.

Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жалпы бұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.

Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.

Тіптен, кейбірлері әсерлі кездесулерден соң, білімсіздіктерін толтыру үшін діни кітаптар алдырып оқиды.

Оларға Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының сараптамасынан өткен сотталғандарға оң әсері бар кітаптарды ұсынамыз.

Бүгінгі таңда мекеменің теология бөлмесінде 255 кітап бар.

Осылайша, сотталғандардың діни білімдерін үнемі арттырып отыруға ықпал етеміз — дейді, арнайы теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Р.Рузиев.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...