Сақтандырылған алматылықтарға 79,2 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Биылғы жылдың бірінші жартысында сақтандырылған алматылықтар МӘМС жүйесі арқылы жалпы құны 79,2 млрд теңге болатын медициналық көмек түрлерін пайдаланған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Айтуынша, шығынның басым бөлігі, яғни 44,1 млрд теңге стационарлық медициналық көмекке, 3,2 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.
«Медициналық көмекке жүгінген азаматтар тарапынан емдеу мен диагностиканың бағасы қымбат түрлері, салалық мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертхана талдауларына деген сұраныс жоғары болған. Жарты жылда аталған қызметтерге 14,6 млрд теңге жұмсалды», — деді филиал басшысы.
Филиал басшысының сөзіне қарағанда, соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс бұрынғыша жоғары күйінде қалып отыр. Алты айда Алматы қаласында жалпы сомасы 890,5 млн теңгені құрайтын 46 мыңнан астам КТ жасалған. Тағы 33 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор 542 млн. теңге бөлді. Сонымен қатар, онкологиялық науқастарды нысаналы түрде тексеруге арналған 6,4 мың позитронды-эмиссиондық томография жасалған, оған 2,2 млрд теңгеден астам қаржы төленген.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен күн сайын құны бірнеше миллионға жетіп жығылатын жоғары технологиялы операциялар жасалып жатыр. Биылғы жылдың 6 айында Алматы қаласында осындай оталарға 11,7 млрд.теңге жұмсалыпты. Жарты жылда алматылық стационарлар мидағы қан-тамырлары мен қан-тамыр жүйелеріне 2 226 ота жасаған. Операциялардың жалпы құны 2,7 млрд. теңгеден асты. Сонымен қатар, сақтандырудың арқасында трансплантологиялық операциялар да кедергісіз жасалып жатыр. Жарты жылда 34 бүйрек алмастырылды, оның жалпы құны 170 млн теңгені құрады», — деді Тілеухан Әбілдаев.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...