Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды

Ағымдағы жылдың ақпан айында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №79 мекемесімен «Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.

Басты мақсат — ұлттық спорт түрлерін дамыту, дене шынықтыру мен спортты қолдау және соған ынталандыру және түзеу мекемесі аумағында спорттық шараларды жиі өткізуге жәрдемдесу болып табылады.

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...