Республика күні қарсаңында полицейлер спорттық сайыстан бақ сынады

«Республика күні» мерекесіне орай Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің қолдауымен жеке құрам арасында ауқымды спорттық сайыс өтті. Іс-шараға әрбір қала, аудандық полиция басқарма, бөлімінен 4 қызметкер қатысты. Жарыс оқ ату, жылдамдыққа жүгіру, шыдамдылыққа жүгіру, кермеде тартылу бойынша өтті.
Нақтырақ айтсақ, 30 жасқа дейін қатысқан қызметкерлер арасынан І-орынды полиция сержанты Әділет Жақсылық, ІІ-орын полиция лейтенанты Бағлан Нұрсейіт, ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Заманбек Тәжен алды. Ал 35 жасқа дейінгі қызметкерлер арасынан І-орынды полиция капитаны Бағлан Жұманов, ІІ-орынды полиция капитаны Нұрлан Икимбаев, ІІІ-орынды полиция капитаны Айдос Сартпаев иеленді. 40 жасқа дейінгі жарысқа түскендердің ішінде І-орынды полиция майоры Бекбол Жиренбаев, ІІ-орын полиция майоры Жәнібек Смайлов, ІІІ-орынды полиция майоры Олжас Қожабеков иеленді.
40 жастан жоғары қызметкерлер арасында І-орын полиция подполковнигі Марат Тұңғатовқа, ІІ-орын полиция подполковнигі Нұрсұлтан Ашимовқа, ІІІ-орын полиция капитаны Бағдат Әбілқасымовқа бұйырды. Ал командалық есеп бойынша І-орын Сауран АПБ-ға, ІІ-орын Мақтаарал АПБ-ға, ІІІ-орын Төлеби АПБ-ға берілді. Жарыс жүлдегерлеріне департамент бастығының атынан полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев «Грамота», «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар үлестірді.
Марапаттау рәсімінде сөз алған Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б.Айтпаев: «Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын! Республикамыздың аты өзге мемлекеттер арасында тек жақсы жағынан танылып, сіздердей батырларымыз елімізді көркейтуге үлесін қоса берсін! Отбастарыңыз аман болсын! Алған грамоталарыңыз позитивті серпіліс беріп, алдағы уақытта да биіктен көрінуге сеп болсын!» — деп атап өтті.
Өз кезегінде жүзден жүйрік болып, марапатталған полицейлер алғыс айтып, Қазақстан Республикасына қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...