Психолог маман пробация есебіндегі сотталғандарды қабылдады

Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмектер жүйелі жүргізіліп келеді.

Бүгін Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының психологы З.Бисекова және қалалық пробация қызметінің инспектор психологы Г.Жилкаманова пробация есебіндегі 10 азаматты қабылдады.

Психолог мамандар сотталғандарды қабылдау барысында олармен қайталап қылмысқа жол бермеу, қоғамға бейімдеу тұрғысында сұхбат жүргізіп, психологиялық тест жұмыстарын алды.
-Негізі психолог маманның қабылдауында болып тұрған дұрыс деп есептеймін. Менде маманның жеке қабылдауында болдым. Психологпен сұхбаттасу барысында өзімнің жағдайымды айтып, тығырықтан қалай шығу жолдарын сұрадым. Психолог маман менің сұрағыма біріншіден, өзің белсенді болуың қажет, сонда ғана өз-өзіңе сенімділігің артып, ойлағаның орындалады деді. Осы шараны ұйымдастырған пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз,- деді есептегі азамат.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...