12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Психологтар күйзеліске түскен сотталғандарды дәрі-дәрмексіз емдеуде «Майнд машинасын» қолданады

Өмірде әртүрлі жағдайлармен бірі ашу үстінде, бірі қасақана, бірі білместікпен қылмыс жасап темірторға түскен қылмыскерлер терең күйзеліске түсіп кетеді. Жаза үкімінің үрейі, алдағы темірторда өткізілетін бірнеше жылдар, міне осының бәрін жеңуі үшін қамаудағылармен профилактикалық және психикокорекциялық жаттығулар жасалынып тұрады.

Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде АКАӘПТЖБ-нің аға психологы Айзат Мырзалы мекеме қамауына келіп түскен азаматтарға «Майнд машинасы» психорелаксациялық аппаратымен психокорекциялық жұмыс жүргізеді.

Бүгін мекеме қамауындағы ҚР ҚК –нің 188- бабының 3 бөлігімен 6 жылға бас бостандығынан айрылған сотталғанға  психикокорекциялық жаттығу өткізілді.

Сот үкімін естіп, есеңгіреп, қолымен жасаған амалдарына күйінген бұл азаматтың күйзеліске түскені байқалды. Сондықтан да, санасындағы тұманды, күмәнді жағымсыз ойлардан арылту мақсатында «босаңсу бөлмесіне» алдыртып, психологиялық релаксация жасалынды.

Алдымен «Майнд машина»  аппаратының қолданылуы түсіндірілді. Релаксация барысында, құлаққапты киген сотталғанның құлағына жағымды табиғаттың әсерлі үні қосылады.

Ал, көзілдірікті кигенде кемпірқосақтағыдай түрлі түстер бейне бір ғажап әлемге жетелейді.

Бұндай, табиғат үнімен әсем көрініске еліткен апараттағы жан дүниесі құлазып жүрген адамның санасы мазасыздықтан арылып, тынышталып, психоэмоционалдық жағдайды ретке келеді.

Осылайша, қапастағы қамкөңіл жандар, Майнд машинасы құрылғысының көмегімен бойындағы  жағымсыз ойдан, шаршаңғыштық,  ашушаңдық сезімдерінен арылады — дейді,әділет капитаны Айзат Мұхамбетиярқызы.

Психолог маман маған арнайы аппаратты кигізгенде көз алдыма түрлі-түсті бояулар келіп, жағымды әуен ойнады. Сол әуеннің ырғағымен өткен өмірімдегі ең бақытты шақтарымды көз алдыма елестеттім. Өткізілген релаксациядан кейін, жақсы көңіл-күйге бөленіп, болашаққа мақсат қойдым, – деді, дәрі-дәрмексіз –ақ, жан дүниесіндегі күйзелістен айрылған сотталған.

«Таза Қазақстан!» экологиялық акция  №11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Сотрудники УИС Алматинской области отметили День единства

Сотрудники учреждения №14 Департамента УИС по г. Алматы, Алматинской...

Елордалық колонияда Халықтар бірлігі күні атап өтілді

ҚР ІІМ ҚАЖК “№3 Мекеме” РММ-де сотталғандар арасында «Қазақстан...

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қарт адамдарға концерттік бағдарлама ұйымдастырды

1 мамыр Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында Абай...