Психологиялық тренингтер жазасын өтеушілердің болашаққа деген сенімін арттырады

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысы бойынша № 60 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен мекеме психологтары жүйелі, жоспарлы түрде жұмыс атқарып келеді.

Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша, сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары жазасын өтеуші азаматтар арасында «Ойын терапиясын» ұйымдастырды.

Өткізілген іс шара жайында мекеме психологы былайша баяндады: Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтардың балалық күніне саяхат жасай отырып көңіл күйлерін көтеру, уақыттарын тиімді пайдалануға қалыптастыру. Шара барысында жазасын өтеуші азаматтар өз шеберліктерін пайдалана отырып ойын жаттығу әдісіне қызығушылықпен қатысты.

Алған әсерлерімен бөлісіп, өз пікірлерін білдірді. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды. Маған бүгінгі өткізген психологиялық ойын түрлері қатты ұнады.

Әртүрлі жесттер арқылы ішкі көңіл-күйімізді білдірдік. Оқушылық бейкүнә шағымызды еске түсірдік. Ойнадық, күлдік. Өзара пікір алмастық. Санамыздағы күмәнді ойлардан арылдық. Өткізілген тренингтен кейін мен өзімді жеңіл сезіндім. Болашаққа деген сенімім артқандай- деді, шараға белсене қатысқан Н.есімді сотталған азамат.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...