Пробация қызметкерлері пробация есебіндегі азаматшаға атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесті

Жаңақорған аудандық пробация есебінде 70- тен астам сотталған азамат есепте тұрады. Осы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер пробация қызметкерлері тарапынан үздіксіз көрсетіледі.

Бүгін пробация есебіндегі көпбалалы, жалғызбасты анаға пробация қызметкерлері атаулы әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды жинақтауға көмек көрсетті. Алдымен аудандық пошта бөліміне барып, азаматшаның жеке есеп шотын аштыртуға ықпал жасап, одан әрі аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ға барып, тиісті құжаттарын тапсыртқызды. Нәтижесінде орталық мамандары құжаттарын электронды базаға енгізіп, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуға бұйрық шығарылды.

Сондай-ақ бұл азамашаның тұрмыс жағдайы ескеріле отырып, жеке кәсіпкердің демеушілігімен қажетті азық- түлікпен, қаржылай көмек көрсетілді.

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметі

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекеменің...