Пробация есебінде тұрған сотталғандарға колонияға экскурсия ұйымдастырылды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Қонаев қалалық және Іле аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандар үшін №49 мекемеде экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсияны бастамас бұрын, есепке алынғандар бақылау өткізу пункті арқылы жүргізілді, осы мекемеге баратын азаматтық тұлғаларды жеке тексеру қалай жүргізілетінін көрсетті, сондай-ақ жазасын өтеу тәртібін бұзған сотталғандарды ұстау орындарын көрсетіп, содан кейін серуендеу ауласын және шеру алаңын көрсетті.

Аталған іс-шаралар, қылмыстың алдын алу, қайталанған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында өткізілді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...