Пробациялық бақылау белгіленген сотталғандар шағын футболдан сынға түсті

2023 жылғы 02 тамызда «Байқоңыр болашағы» Ресей мекемесінің спорт алаңында Байқоңыр қалалық пробация қызметі және «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен шағын футболдан жарыс өткізілді.
Шараның мақсаты пробация есебіндегі жастарды салауатты өмір салтын ұстану, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру. Спорттық шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.
-Бүгінгі спорттық шараға 20-дан астам сотталған азамат қатысты. Есептегі тұлғалармен спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» — деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры А.Танбаев.
«Бүгінгі спорттық ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Негізі өзім спорттық шараларға белсене қатысамын. Футболды мектеп жасынан ойнаймын. Бүгінгі жарыста командамыз белсенділік танытып, бірінші орын алдық. Ұйымдастырушыларға алғысым зор», — деді есептегі азамат.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...