Полицейлер тұрғынның ұялы телефонын тартып алған күдіктіні анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі сағат 01:00 шамасында оған қалалық саябақтардың бірінде белгісіз біреу шабуыл жасаған. Яғни, ұялы телефоны мен ақшасын күшпен тартып алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асты. Оқиға орнына бірден Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері келіп, куәлардан жауап алып, жақын маңдағы аумақтарды аралады.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аз уақыт ішінде күдіктіні анықтады. Ол бұрын дәл осындай тонау қылмысы үшін сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Сезікті ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...

Абай облысында әйелдер колониясында үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында Спорт күніне орай үстел...