Полицейлер тұрғынның үйінен есірткі орамаларын тәркіледі

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы кезекті рейд кезінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтады. Оның үйіне тінту жүргізу барысында, қонақ бөлмесі ішінен 2 дана пакетке оралған жасыл түсті өзіне тән хош иісі бар есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды.
Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның бірі 50 грамм «сора» мен 30 грамм «кептірілген марихуана» екені расталды.
Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды.
Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...