Полицейлер есірткі сақтаудың 2 дерегін анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасының полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады.

Мәселен полиция қызметкерлері Қызылорда тас жолы бойындағы дүкендердің бірінің жанынан күмәнді адамды тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамнан есірткі заты «марихуана» тапты.

Осыдан кейін екі күннен соң тәртіп сақшылары есірткіні заңсыз сақтаудың тағы бір дерегін анықтады. Патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығының тұрғынынан есірткіге ұқсас затты тәркілеп алды. Сараптаманың қорытындысына бұл да «марихуана» болып шықты.

Қазіргі уақытта осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер толық жағдайды анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге

Ардагерлер ұйымы төралқасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне...

Применение электронных средств слежения в ходе ОПМ «Безопасный дом»

На учете службы пробации Ауэзовского района Департамента уголовно-исполнительной системы...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік тіл – әділетті қоғамның, тәуелсіз елдің және біртұтас...

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...