Полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті тұрғынды қамауға алды

Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам өз жауабында есірткіні аудан орталығы тұрғындарының бірінен сатып алғанын мойындады. Полицейлер одан әрі жүргізілген іс-шара кезінде, есірткі заттарын сатқан күдіктіні анықтады. Жедел уәкілдер анықталған сезіктінің үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде Шардара қаласы тұрғынының үйінен есірткі табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Сараптамаға сәйкес жалпы салмағы 35 грамнан асатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша тіркеді. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде волейболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошел турнир по волейболу

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай при...

В женской колонии области Абай прошёл турнир по настольному теннису

В женской колонии области Абай в честь Дня спорта...

Абай облысында әйелдер колониясында үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша әйелдер колониясында Спорт күніне орай үстел...