Патрульдеу барысында 10 миллион теңгеге жуық қарызы бар көліктер анықталды

Түркістан облысының аумағында полиция, сот орындаушыларымен бірге «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы бойынша 10 миллион теңгеге жуық қарызы бар көліктерді анықтады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне «Қызылорда-Самара- Шымкент» тас жолы бойында 8 миллион 600 мың теңге қарызы бар «Wolkswagen Passat» автокөлігі кетіп бара жатқаны бойынша дабыл түседі.
Ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер жедел көлікті тоқтатып, жүргізушісіне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ түркістандық полицейлермен 1 миллионға жуық өтелмеген қарызы бар «Toyota Camry» маркалы автокөлігі анықталды. Қазіргі уақытта көліктер айыптұраққа қойылып, тұрғынмен профилактикалық түсіндірме жүргізілді.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды айыппұл төлемдерін уақтылы төлеуге шақырады. Төлемеген жағдайда автокөлік айыптұраққа қойылатынын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...