Мәжбүрлі еңбек атқару

Телефон ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды Шиелі аудандық пробация есебіндегі Ә., есімді азамат. Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан найып имамның ұялы телефонын жасырын жымқырған полиция қызметкерлерімен ұсталып, Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188- бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап және жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген. Аудандық пробация қызметіне алынған соң, пробация инспекторлары оған жаза өтеу тәртібі мен сот жүктеген міндеттерін толық түсіндірді. Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

«Қазіргі таңда кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімді атқарып жүрмін. Бұның өзі маған берілген бір мүмкіндік отбасымның қасымдамын, бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарын бағынып жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек», — деді есептегі азамат. Қазіргі таңда күнделікті мәжбүрлі еңбегімен тұрғын үй жайынан тексерілді, — дейді Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторы Ержан Акбар.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...