Мемлекеттік қызмет – құрмет пен жауапкершілік

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі бар, өз кезегінде, мансап басында жүрген кейбірі мұны түсінбейді және жауапкершілігі мол қызметке дайын болмайды. Мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық міндеттерін мінсіз орындаудан және бейбіт тұрғындармен ортақ тіл таба білуден басқа, қоғам үшін барлық жағынан – жұмыста, отбасында, қоршаған ортада үлгі болуға міндетті. Өйткені, мемлекеттік қызметшілер бұл мемлекеттің бет-бейнесі, олардан алған әсерден жалпы мемлекеттік қызмет туралы қоғамдық пікір қалыптасады.

 Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігіне де аса назар аударылуда. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану дегендей қағидаттарына  негізделеді және осы қағидаттарды әрбір мемлекеттік қызметші ұстануға тиіс.

Қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшілер жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы керек. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзудың профилактикасы бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Профилактикаға бағытталған іс-шаралар өз нәтижесін көрсетуде.

Мәселен, соңғы 5 жылда мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық жасау фактлерінің саны 34% төмендеген. Бүгінгі күні, Алматы қаласы бойынша 390 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бұл мемлекеттік қызметшілердің жалпы нақты санының 10% құрайды, яғни әрбір 9-шы қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Оның ішінде басым бөлігі (94%) елеусіз теріс қылық жасаған. Негізінен қызметшілердің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы оларды тиісті жауапкершілікке әкеп соғады.

Алматы қаласы бойынша қызметтік әдепті бұзудың 13 фактісі тіркелген. Ал мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасаған үшін 4 қызметші қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жауапкершілікке тартылған.

Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамауы және мемлекетік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасауы мемлекеттік қызмет өткеру кезінде өз шектеулеріне әкеледі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы

Л.Науқанбай

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...