Мемлекеттік қызметшілерге Check-Up бағдарламасы ұйымдастырылуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы Әкімдігі және Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 1-31 қазан аралығында қаланың 75 медициналық ұйымындарында әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болу қауіп факторларын анықтау және алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің Check-Up бағдарламасын ұйымдастыруда.

Аталған іс-шараға Алматы қаласы бойынша 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілерді қамту жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметшілердің Check-up зертханалық-аспаптық зерттеулердің келесі түрлерін және мамандардың қабылдауын қамтиды: кеуде флюорографиясы, микрореакция, қанның жалпы талдауы, зәрдің жалпы талдауы, қанның биохимиялық талдауы (холестерин, қан сарысуындағы жалпы ақуыз, билирубин, глюкоза), ЭКГ тексеру кабинеті (ерлер мен әйелдер), онкоцитологияға жағынды, гинекологпен, терапевтпен, офтальмологпен, лор дәрігерімен, хирургпен, невропатологпен кеңесу.

Сонымен қатар, айта кету қажет мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау және денсаулығына қамқорлық көрсету мақсатында Check-up зертханалық-аспаптық зерттеуі Қазақстан бойынша Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірінші рет және ақысыз түрде өткізілуде.

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының бас маманы                                        

Тасов А.А.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...