Кіші турнирдің іріктеу кезеңі басталды

Бүгін Қызылорда қалалық пробация есебіндегі жастар арасында кіші футболдан іріктеу турнирі өтті. Облыстық жастар ресустық орталығы мен пробация қызметі ұйымдастырған жарысқа пробация есебіндегі жастардан 3 команда құрылып, жарыс көркін қыздырды.

«Ақсуат», «Достар», «Асылан» секілді командалар қатысқан жарыстың ашылуында облыстық жастар ресустық орталығы басшысының орынбасары Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы командаларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта өткізілетін спорттық шараларға қатысуға шақырды.

Қызу да, тартысты өткен доп додасында командалар, бар шеберліктерін салды. Спорттық шараның әділ өтуіне қалалық спорт бөлімінің нұсқаушылары Ж.Жолаханов, Д.Өтегенов қазылық етті.

Жарыс қорытындысы бойынша «Асылан» командасы жүлделі ІІІ орынға тұрақтады, ал, «Ақсуат» командасы ІІ орынды еншіледі. Алдына қара салмаған «Достар» құрамасы болса қарсыластарын қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Сайыстың Іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанған «Достар» командасы облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде барлық аудан, қалалық іріктеуден өткен командалар жеңіс кубогы мен қаржылай сыйлыққа таласқа түсетін болады.

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күн тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін «е-Қызмет» жүйесінде...