Кітап қоры толықты

№11 мекеме еліміздегі кәмелетке толмаған қылмыскерлер жазасын өтейтін жалғыз  оқшаулау орыны. Қазіргі уақытта  мекемесінде 45 сотталған жазасын өтейді. Жазасын өтеушілер бос уақытында мекеме кітапханасында өздеріне керекті ақпарат алады.

Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – кітапхананың алар орны ерекше. Жазасын өтеушілер бос уақытында осы жерден өздеріне керекті ақпарат алады, көркем шығармалар оқиды. Ал бұл аяғын жаза басқан жеткіншектер үшін аса қажет екені айтпаса да түсінікті. Қазіргі таңда мекеме кітапханасының қорында барлығы 3521 кітап бар. Оның 1200-і қазақ тілінде, ал 2321-ы орысша. 5 электронды планшет-кітап бар. Мұнда әдеби кітаптар, фантастикалық, детектив шығармалар, шетелдік классика, психологиялық жанрда жазылған туындылар көп. Сондай-ақ, кітапхана сөресінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен 65 діни кітап бар. Осы орайда айта кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар- дың құқығын қорғау комитетінің өкілдері кітапханаға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында былтыр 43 кітап сыйлаған. Жуырда колония кітапханасы тағы да жаңа кітаптар- мен толықты. Жеке тұлға мекемеге психологиялық және әдеби жанрда 48 кітап сыйға тарту етті.

                                                                           №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...