Кербұлақ ауданында апатты тұрғын үйлердің мәселесі шешілуде

Қазір Кербұлақ ауданында 1424 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Халықты баспанамен қамту мақсатында биыл ауданда барлық қаржыландыру көздері есебінен 16,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сол сияқты бүгінгі күні ауданда апаттық жағдайдағы 96 пәтерлі 12 тұрғын үйдің мәселесін шешу жұмыстары қолға алынып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Кербұлақ ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Белгілі болғанындай, 2020 жылы ауданда бюджеттен бірде-бір үй салынбаған, 2021 жылы 40 пәтерлі тұрғын үй салынса, 2022 жылы 50 жеке тұрғын үй мен 40 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Ал биылғы жылы ауданда бір 60 пәтерлі үй беріледі және 10 жеке үй сатып алынады. Сондай-ақ 8 жеке үй демеушілер арқылы сатып алынды.

Бұдан бөлек, биыл күзде аудан орталығында «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы арқылы 65 жеке тұрғын үйдің құрылысы басталады, ол 2024 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беріледі. Атқарылып отырған жұмыстардың нәтижесінде 2022 — 2024 жылдары тұрғын үй кезегі 16% қысқарады деп жоспарланып отыр.

Сонымен бірге бүгінгі күні ауданда апаттық жағдайдағы 96 пәтерлі 12 тұрғын үй бар. Соның ішінде 64 пәтердің ғана иелері расталды, заңнамаға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне 38 пәтердің иесі кезекке алынып, 26 пәтер иесінің құжаттары рәсімделуде.

— Бұл мәселені шешу үшін апатты тұрғын үйдің иелеріне және әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға арналып 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы пайдалануға беріледі. Аудан әкімдігіне жылдың соңына дейін қалған 32 пәтерге қатысты құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу жұмысын белгіленген тәртіпте аяқтауды тапсырамын, — деді Б.Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...

ПРЕСТУПЛЕНИЕ: ОТ СООБЩЕНИЙ К ПОХОРОНАМ

ДОЛГОЕ ВРЕМЯ В КАЗАХСТАНСКОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ ОТСУТСТВОВАЛО САМО ПОНЯТИЕ СТАЛКИНГА КАК САМОСТОЯТЕЛЬНОГО ПРОТИВОПРАВНОГО ДЕЯНИЯ. НЕСМОТРЯ НА ТО, ЧТО ЖЕРТВЫ НЕРЕДКО СООБЩАЛИ О НАВЯЗЧИВЫХ ЗВОНКАХ, ПОСТОЯННОЙ СЛЕЖКЕ, УГРОЗАХ И ПРЕСЛЕДОВАНИИ, ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫЕ ОРГАНЫ БЫЛИ...