12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кенесары ханның бас сүйегі қалай іздестірліп жатыр?

Соңғы кездері қоғамда қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың бас сүйегінің қай жерде екені туралы мәселе жиі көтеріліп жүр. Tengrinews.kz тілшісі оны табу үшін біздің мемлекеттік органдар қандай жұмыстар атқарып жатқанын білуді жөн көрді.

Кенесары ханның бас сүйегін қалай іздеп жатқанын анықтау мақсатында редакциямыз Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне ресми сауал жолдаған болатын.

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында Кенесары ханның бас сүйегі мен олардың Қазақстандағы жерленген жерін анықтау мақсатында бірнеше іздестіру экспедициялары құрылған.

«Тарихи зерттеу бағдарламасы аясында бас сүйекті елге қайтару әрекеті жасалып, осыған байланысты Қазақтың соңғы ханы Кенесарының сүйегінің жатқан жері туралы мәліметі бар түрлі ұйымдарға сұраулар жолданды. Мұрағаттар мен журналистік зерттеулер жүргізіліп, далалық экспедициялар мен зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды. Алайда, бүгінгі күнге дейін ғылыми қауымдастықтың бар жорамалдары расталмады»,- деді Мәдениет министрлігі.

Сондай-ақ, Мәдениет министрлігі биыл Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық арналар арқылы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне Кенесары ханның бас сүйегінің, сондай-ақ оның қару-жарақтарының орналасқан жері және олардың тарихи отанына қайтарылу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге қатысты сауал жолдағанын хабарлады.

«Осыған орай, қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі Кенесары ханның бас сүйегі мен оның мылтығы туралы ақпаратты зерттеу мәселесін пысықтап жатырмыз», — деді Мәдениет министрлігі.

Алайда Сыртқы істер министрлігі Мәдениет министрлігінің мәлімдемелерімен келіспей, ресми сауалға жауап ретінде қойылған сұрақтар олардың құзыретіне жатпайтынын, осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігіне қайта хабарласуға кеңес берілгенін айтты. Бұл ретте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік әріптестеріне сұраудың дипломатиялық арналар арқылы жіберілгенін жоққа шығармады.

«Мәселенің өзі Мәдениет министрлігінің немесе ғалымдардың құзырында екені сөзсіз, біз іздеумен айналыспаймыз», — деп түсіндірді Смадияров.

Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтар айында VII сайланған Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның бас сүйегі мен мылтығы Мәскеу мұражайында екенін мәлімдеді. Ол 2021 жылы Қазақстаннан арнайы келген мамандар ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын анықтаумен айналысып жатқанын атап өтті. Тарихи, Антропологиялық, мұражай және мұрағаттық зерттеулер кешенінің нәтижесінде мылтық ханға 100 пайыз тиесілі екені анықталды. Ал бас сүйектің Кенесарыға сәйкестігі 90 пайыз. Бақытбек Смағұл бас сүйекті елге қайтаруға үндеді. Ол Қазақстан Үкіметіне депутаттық сауал жолдады. Мәжіліс сайтының мәліметінше, материал жарияланғаннан кейін жарты жыл өтсе де әлі күнге дейін жауапсыз.

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.