Зорлық-зомбылық мәселесін алдын алу шаралары арқылы шеше аламыз

Алматыда бүгін БҰҰ Қоры (ЮНФПА) мен  ҚР Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйымдастырып отырған екі күндік семинар басталды. Шараның негізгі мақсаты Орта Азияда зорлық-зомбылық жасағандармен күресудің озық тәжірибелерімен бөлісу үшін аймақтық платформа құру. Жүйе қатысушыларға адам құқықтары қағидаттарын қолдану туралы білімдерін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Орталық Азияның 5 елі қатысқан шарада мамандар пікір алмасып, халықаралық сарапшымен кеңесуге мүмкіндік алды. Мамандардың пікірінше семинар өңірдегі гендерлік зомбылыққа қарсы әрекет ету саласында, әсіресе отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу,  агресорлармен жұмыс істеу тұрғысынан нақты іс-қимылдар тізбегін айқындауға көмек етпек.

— Қазақстан БҰҰ мен Еуропалық Одақтың, Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін әйелдер мен қыздарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық пен барлық зиянды әрекеттерді жою жөніндегі бірлескен «Жарық шапағы» жобасын белсенді түрде қолдайды. Зорлық-зомбылықпен күрес – үкіметтің басым бағыттарының бірі», — деді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Айман Омарова.

Сарапшылардың пікірінше, зорлық-зомбылықпен күресудің тиімді әдістерінің бірі қылмыскерлерді жазалаудың баламалы әдістерін қолдану болуы мүмкін. Үй тирандары қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе түзету бағдарламаларынан өтуі керек, дейді сарапшылар.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...