Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы жеткілікті шек өзгере ме?

2024 жылы БЖЗҚ жеткілікті шегі қалай өзгереді? Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында Қаржы министрлігінің басшысы 2024 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың шекті деңгейі туралы сұраққа жауап берді.

«АЕК өзгеретініне байланысты, әрине, шекті мән көтеріледі. Қазір бізде 3 450, енді 3 690 ба, сондай болады. Осыған байланысты, АЕК-тің өзгеруіне байланысты ереже өзгереді. Сәл өседі», — деп жауап берді Жамаубаев.

Сондай-ақ, журналистер министрден мұндай өсімді әділ деп санай ма, бұл экономикалық жағдайды көрсете ме деп сұрады.

«Әсіресе АЕК, бюджет процесінде, бұл азды-көпті әділ көрсеткіш және экономикада болып жатқан инфляциялық процестерді ескереді. Әр жолы АЕК-тің өсуі, әрине, әлеуметтік шығындарға, жәрдемақыларға, соның ішінде азаматтардың БЖЗҚ-дан алатын рұқсат етілген сомаға әсер етеді», — деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары.

2022 жылдың аяғында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мәндерін жариялады. Деректерді мына жерден табуға болады.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...