Жоғарғы сот жаңа кассациялық сот моделін ұсынды

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Төраға Қ.Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді. Асламбек Мерғалиев Президенттің дербес кассациялық инстанция құру үшін консультациялар өткізу туралы тапсырмасының орындалу барысы жайлы баяндады.

Заңгерлермен, ғалымдармен, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және Парламент палаталарының депутаттарымен бірлесе талқылау жұмыстары жүргізіліп, соның негізінде елордада (қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша) үш кассациялық сот құру моделіне оң баға берілді. Жоғарғы Сот алдын ала қарау институтын жоюды, «толық кассацияны» қолдануды, қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен сот процесін жүргізуді ұсынады. Өз кезегінде, жоғары сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының бірыңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән береді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкімшілік әділеттің жұмысы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде айтылды. Жоғарғы Сот төрағасы цифрландыру және сот қызметінің ашықтығы мен сот төрелігінің қолжетімді болуын жақсарту мақсатында жасанды интеллект элементтерін енгізу жайында айтты. Мемлекет басшысы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың сапасына және барлық сатыдағы істерді қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Өз тілшіміз

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...