12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан болған материалдық және моральдық залалды өндіру

Әлемдегі қауіпті көліктің бірі — автомобиль. Діттеген жерімізге тез жеткізетін осы автокөліктердің салдарынан елімізде жол-көлік оқиғалары жиі орын алады. Оның үстіне, жыл сайын көліктің де саны  артуда. Ұзын жолда  қаза тауып жатқандар қанша ма?! Мәселен, статитистикаға назар салсақ,  соңғы үш жылда жол-көлік оқиғаларының саны 9 пайызға өсіп, салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы түрлі деңгейдегі  жарақат алған екен. Еліміздегі жол-көлік апаты мемлекет басшысында бейжай қалдырмады. Аталған мәселе туралы  Президент «Елімізде жол-көлік оқиғаларының көп тіркелетіні алаңдатады. Адамдар қаза тауып, жарақаттанып жатыр. Жол апатынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Жол қозғалысы мәдениеті айтарлықтай төмендеп кетті», — деген еді. Деректерге сүйенсек, ағымдағы жылдың 10 айында елімізде 11 мың 618 жол-көлік оқиғасы болған.

Өздеріңізге белгілі, көбіне мұндай жол-көлік оқиғасының соңы дауға ұласып жатады. Тіпті, дау-жанжал өзара шешілмегендіктен, сотқа жүгінетін тараптарда жетерлік.  Осы орайда, жол-көлік апатының салдарынан болған материалдық және моральдық залалды өндіру туралы талап қоюлар туралы айтатын болсақ, құқығы бұзылған адам заң құжаттары мен шарттарда өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен келтiрiлген  (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс екендігі Азаматтық Кодекстің 917-бабының 1-бөлігімен реттеледі. Сондай-ақ,  заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы, сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi. Сондықтан, талап қоюшы келтірілген залал сомасы шегінде жауапкерге талап қоюға құқылы.

Ал, моральдық зиянға келер болсақ, жол-көлік оқиғалары бойынша дауларда моральдық зиян тек жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтары бұзылған жағдайда ғана өндірілетінін атап өткен жөн. Моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі. Себебі, моральдық зиян дегеніміз жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi. Моральдық зиян өтемақысының мөлшерiн анықтаған кезде, сот  бұзылған мүліктік емес құқықтарды, субъективтік бағалануын, куәландыратын объективтi мәлiметтердi, денсаулыққа қаншалықты зиян келгенін, әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге алады. Сондықтан, егер, залал тек автокөлікті қалпына келтіруге байланысты болса, моральдық зиян өтелмейді.

Тағы бір айта кетерлігі, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақилықтың қаймағы бұзылмаған өңірімізде осы санаттағы азаматтық істер көбіне бітімгершілікпен де аяқталып жатады. Әрине, алдымен мұндай түйіткілдердің сотқа жетуі қоғамның сотқа деген сенімін білдірсе керек. Өзара бітімге келудің тиімді тұстарын түсіндірудің нәтижесінде, Ақтау қаласының №2 сотында ағымдағы жылы жол-көлік оқиғасына қатысты 32 дау қысқартылған, оның ішінде, бітімгершілікпен 20, медиациямен 12 дау өз шешімін таба білді.

Қорыта айтсақ, ата-бабамыз жазалауға емес, тараптарды татуластырып, дау-жанжалды келісіммен аяқтауға мән беріп, келер ұрпағына «татулық-береке бастауы» екенін аманаттаған. Сондықтан, сотқа жүгінбес бұрын бітімге келу – мұратқа жетуімен бірдей екенін ұмытпағанымыз абзал.

РАЙХАН ЕРЖАНОВА, Ақтау қаласының №2 сотының судьясы  

В Алматинской области осужденные встретились с медиатором

В рамках реализации Дорожной карты по оздоровлению обстановки в...

Алматы облысында сотталғандар медиатрмен кездесті

ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын...

Тәлімгермен кездесу

IІO алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби денгейін арттыру мақсатында ҚР...

ҚАЖ қызметкерлері сотталғандарды бостандыққа бейімдеу жұмыстарын атқаруда

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменті...