Жетісу облысында»Қамқорлық» оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Талдықорған қаласының Облыстық перинаталдық орталығының жанынан «Қамқорлық» ерте араласу орталығының салтанатты ашылуы өтті. Орталық қызметінің негізгі түрі дамудың ерте кезеңдеріндегі 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды кешенді оңалту болып табылады.

Орталық айына 50-ге дейін баланы қабылдай алады. Оңалту курсы 21 күнтізбелік күнді құрайды. Ерте жастан оңалту үздіксіздік емді қажет етеді. Сондықтан 2-3 айда бір рет оңалту орталығына келу қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, 3 жасқа дейін баланың миы оңалту еміне өте жақсы жауап береді. Оңалтуды неғұрлым ерте бастаса, мүгедектіктің алдын алуға болады.

«Ерте араласу орталығында неврологиялық диагнозы бар 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды церебральды сал ауруы, ОЖЖ-нің басқа зақымдануы (қозғалыс бұзылыстары синдромы, мерзімінен бұрын туылған балалар, гипоксия, асфиксия, церебральды сал ауруымен ауыратын балалар), туа біткен ақаулар, нейроинфекцияның салдары, Даун синдромы, прогрессивті бұлшықет дистрофиясы, босану кезінде алған жарақаттары және қозғалыс бұзылыстарымен бірге жүретін жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балаларға ем жүргізетін болады», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Лебаева.

Айта кетейік, орталықта мамандардың көпсалалы тобы жұмыс істейді, оған мынадай мамандар кіреді: невропатолог, реабилитолог, дәрігер ЕДШ, педиатр, ортопед, сурдолог. Педагогикалық құрамға дефектолог, логопед, эрготерапевт және балалар психологы кіреді.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...

Атқарушылық жазба: борышкер мен өндіріп алушының құқықтары

Қазіргі таңда елімізде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың...

ЦИФРОВЫЕ ТРЕНДЫ В ДЕЙСТВИИ

Студенты Университета Нархоз посетили Farabi Supercomputer Center Экскурсия в суперкомпьютерный...

ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРЕНДТЕР

Нархоз университетінің студенттері Farabi Supercomputer Center орталығына барды Әл-Фараби атындағы...

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери...