Желіде құмар ойындардың таралу қаупі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында «Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар» № 16 ТДМ тұрақты даму саласындағы мақсаты шеңберінде Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы «Желіде құмар ойындардың таралу қаупі» атты республикалық дөңгелек үстел вебинар өткізді. Кездесу барысында модераторлар ретінде Рима Еренатқызы Джансараева қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор, Қуаныш Аратұлы PhD докторы, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, сонымен қатар негізгі баяндамашы-спикер  ретінде Жақсылық Мырзахан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, экономикалық қызметінің майоры және Халибати Қалибат Қытай Шыңжаң университетінің ғылым және технология колледжінің түлегі, заң факультетінің докторанты қатысты.

Вебинар барысында құмар ойындарының желідегі таралу себептері мен жолдары жайлы үлкен әңгіме қозғалды, лудомания жайлы баяндама жасалды, онымен күресу және алдын алу жолдары ұсынылды. Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының магистранттары  Сымбат Кабулова және Тамерлан Рахметов кездесу барысына атсалысып, маңызды баяндамалар мен презентациялар жасады. Нәтижесінде құмар ойындармен күресудің жолдары талқыланды және ұсыныстар жасалды. Уақыты: 20.10.2023 жыл.

Авторлар: Қуаныш Аратұлы, Сымбат Кабулова

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...