Жеке құраммен кәсіби даярлықтарын шыңдау сабақтары жүйелі жүргізілуде

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесі қызметкерлерінің кәсіби даярлықтарын шыңдау сабақтары жүйелі жүргізілуде. Кәсіби даярлау сабағында күрестің жауынгерлік тәсілдері, дене шынықтыру даярлығы сабағы, практикалық ату машықтарын пысықтау, әлеуметтік-құқықтық пәндер бойынша сабақтар қамтылады. Бүгін де кадр саясатының тобының ұйымдастыруымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеке құрамға Макаров тапаншасынан ату сабағы өткізілді.

— Қызметкерлер заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ғана біліп қоймай, дене шынықтыру даярлықтарын шыңдаулары, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын қолдана алулары, ал ең бастысы – дағдарыс жағдайларында және штаттан тыс жағдайларда тиімді іс-қимыл жасай алулары тиіс. Бүгінгі ату сабағын 60 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы Айбек Мулдашев жүргізді. Сабақ жүргізу кезінде, қызметкерлердің «Макаров» тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша қызметкерлер норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды.Ай сайын тапаншадан ату сабағы алдағы уақытта да жалғасын табады — дейді кадр саясаты тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Замира Бостанова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...