Жас сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды

Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінің 1-2023 жылғы шақырылым жас сарбаздарына қару табыстау рәсімі өтті. Аталған салтанатты іс-шараға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы қатысып, шара барысында жауынгерлерге ізгі тілегін жеткізді.
— Өтан алдында борышын өтеуші әр сарбаз әрдайым сақадай-сай болуы тиіс. Бұл – мемлекет қойып отырған әскери міндет.
Жалпы, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткелі бері қауіпсіздік күштері нығаю үстінде. Азаматтардың әскери міндетін орындауына барынша жағдай жасалған. Сіздер алдағы уақытта өздеріңізге бекітіліп берген қарумен жауынгерлік қызметтеріңізді атқаратын боласыздар. Сіздердің алдағы қызметтеріңізге тек табыстар тілей отырып, бейбіт аспан астында қызмет етіп, қаруды тек оқу – жаттығу мақсатында қолдануларыңызға тілектеспін, — деді Алтынбек Тұрарбекұлы.
Жас сарбаздарға жауынгерлік қаруды табыстау рәсімі аяқталғаннан кейін, қарудың атауы мен нөмірлері, берілген күні сарбаздардың әскери билеттеріне жазылды.
Ендігі кезекте жас жауынгерлер Қызылорда қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстық – атқару жүйесінің мекемесінде күзету қызметін атқаратын болады.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...