Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адамға қатысты сотқа ұсыным жолданды

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылғы 21-28 тамызы аралығында облыс аумағында «Шартты түрде» жедел-профилактикалық іс-шарасы (әрі қарай – ЖПІШ) өткізілуде.

Аталған ЖПІШ кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының 02.03.2022 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (ұрлық) бойынша 2 (екі) жыл 5 (бес) ай 26 (жиырма алты) күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Б. есімді азамат жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзуға жол бергені үшін 25.08.2023 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, Б. есімді сотталған есепке алынғаннан кейін оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланғанына қарамастан қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын 4 әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол берген.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бергені үшін әкімшілік жауапкешілікке тартылуы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.

Қазіргі кезде аталған ұсыным іс-құжаттары Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының өндірісінде.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...