Ел жанашырлары жанашырлықтарын көрсетті

Бірнеше жылдан бері елімізде «Ел жанашыры» номинациясы беріліп келеді. Үнемі қоғамның ақсаған тұсын демеп жібергісі, мүмкіндігі шектеулі жандар болса қолұшын созып ісімен де, сөзімен де жанашыр болып жүрген азаматтар өздерінің жомарт жүректерін тағы бір мәрте көрсетті.
«Жүректен жүрекке Анаға алғыс!» кешін ұйымдастырып, ерекше балалары бр аналарға қуаныш сыйлады.

Арнайы кеште сый көрсетіліп, олардың көңілін аулауға барынша күш салды. Сондай-ақ, тағдырдың қиын сәттеріне мойымай, керсінше балаларын қатарға қосуға тырысып жүрген аналарды «Гүлдимед» (@guldy_med @guldymed) емдеу-оңалту орталығынан ем алуға шақырды.

Сондай-ақ ел Жанашырлары ұйымдастыруымен өткен ерекше балалары бар аналарымызды қуантуға арналған кеш. “Анаға алғыс!” іс-шарасында дәрігер Гүлмира Серік аналарды Алғыс хатпен арнайы төсбелгіні тағып, мерейлерін үстем етті.


Іскер әйелдер қауымының төрайымы Гүлмира Серік «Әйел — бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», сондықтан сіздерге қандай мадақ айтсақ та жарасады”, -деп жиынға жиналған әйелдер қауымын ерекше ықыласымен марапаттады.

Бұл олардың алғашқы қайырымдылық шарасы емес, осыған дейін де Ел жанашырлары “Аманат” партиясының Жетісу аудандық филиалымен бірге қайырымдылық шараға атсалысып, қарттар үйіндегі қарияларымыздың хал-жағдайларын сұрасып, көңілдерін аулап қайтқан болатын.

Кезінде еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосқан қарияларымыз партия атынан келген Ел жанашырларына, қайырымдылық көрсетуші жандарға ақ баталарын беріп, өз лебіздерін білдірген болатын.


Іскер әйелдер қауымының төрайымы Гүлмира Серік «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз рас. Біздің асыл қазынамыз — қарттарымыз. Дінімізде үлкенді құрметтеу — Алланы ұлықтаудың бір түрі. Ақылдары мен жүріп өткен жолдарымен үлгі болар қарттарымыз аман болсын! Біз қарттарымызбен мақтансақ, олар “болашақ — өсіп келе жатқан жастардікі” деп жастарға ақ жол тілеумен шығарып салды. Қарттарым аман, сау болсыншы. Өмірде адамдардың бір-біріне қолдау көрсетіп, бір-біріне демеу болғанынан артық бақыт жоқ шығар, сірә» дейді.

Серік Гүлмира

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Судьялар Одағының съезі»  1996 жылдан...

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде танудың кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелде оқу, жұмыс істеу, некеге...

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік нышаны

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, егемендігін және ұлттық болмысын...

Сот кабинеті – құқыққа қолжетімдіктің заманауи тетігі

Қазіргі цифрлық даму кезеңінде мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді әрі...