Елімізде қанша адам банкроттыққа өтініш берді?

Қазақстанда қанша адам банкроттыққа өтініш бергені белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі МКК сайтына сілтеме жасап. 

3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттыққа өтініштер қабылдау басталған болатын. Қазірдің өзінде 61 мыңнан астам өтініш түсті. 10 мың азаматқа қатысты банкроттық рәсімі басталды. Соттарда 750 азаматқа қатысты сот тәртібі арқылы банкрот болу туралы арыз бен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 20-дан астам өтініш қаралып жатыр. 

Мониторинг жүргізу барысында келіп түскен өтініштер бойынша азаматтардың белгілі бір себептермен соттан тыс банкроттығы шарттарына сәйкес келмеу жағдайлары анықталды. Жеке сот орындаушыларының атқару парақтары негізінде берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануына байланысты жеке тұлғаларда 12 ай ішінде борышты ішінара өтеу жағдайлары жиі кездеседі.

«Кейде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген қазақстандықтар да банкроттық туралы өтініш береді. Мұндай жағдайда кәсіпкер алдымен жеке кәсіпкерлікті тарату рәсімін жүзеге асыруы қажет. Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар банкроттық рәсімін пайдалану үшін атаулы әлеуметтік көмек алғанына кемінде 6 ай өтуі қажет», — делінген хабарламада.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішті қайта жіберу үшін арада 3 ай өтуі керек. Егер борышкерге мүліктің болуы себебінен бас тартылса, ол тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық болу рәсімін қолдануға өтініш беруге құқылы.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...