Елімізде пәтер жалдау құны өсті

Ұлттық статистика бюросы тұрғын үйді жалға алу құны жылдам өскен өңірлерді анықтады. Үздік үштікке Алматы, Петропавл және Көкшетау кірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар баспана бағасынан кейін жалдау ақысы көтерілгенін айтады. Жыл ішінде жаңа үйлердегі пәтерлер шамамен 8 пайызға қосылды. Қазір олардың орташа бағасы шаршы метріне 486 мың теңгені құрайды. Ең қызығы, Ақтөбе мен Ақтауда жаңа баспана бірден қымбаттады — құнының төрттен бірі. Қайталама нарықтағы шаршылар 4 пайыз қосты, метрі 500 мың теңгеге бағаланды.

Бұл ретте сарапшылар тұрғын үй нарығындағы транзакциялар саны бірден 40 пайызға қысқарғанын атап өтті. Осының аясында пәтерлерді жалдау бағасы үштен біріне дерлік қымбаттады. Жалдамалы баспананың шаршы метрі қазір шамамен 5000 теңге тұрады. Жалдау ақысы ең қымбат қалалардың үштігін Көкшетау басқарды. Көрші Петропавлдан сәл төмен. Үздік үштікті Алматы түйіндеп тұр.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...