Елордалық ҚАЖ департаменті «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп №2 мекеме аумағында жұмыс істеу үшін шағын және орта бизнес субъектілерін тарту бойынша дөңгелек үстел өткізді

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, еңбек түзетудің және қайта әлеуметтендірудің негізгі құралдарының бірі болып табылады, сондықтан пенитенциарлық қызметтің ажырамас элементі еңбекті ұйымдастыруға жағдай жасау болып табылады.             

Еңбекпен айналысатын сотталғандар арасында жаза өтеу тәртібін бұзу деректері әлдеқайда аз, жане ақылы жұмыспен қамтылғандар сотпен тағайындалған  қарыздарын өтейді, сонымен қоса жақын адамдарына ақшамен көмектеседі, бұл өз кезегінде сотталғандардын туыстарымен әлеуметтік байланыстарды сақтай отырып, нәтижесінде олар босатылғаннан кейін қоғамға әлеуметтік бейімделуді жеңілдетеді.

Сотталғандардың арасында әлеуметтік байланысын жоғалтқан көптеген адамдар бар және олар жазасын өтеу кезінде тапқан ақшалай қаражат көбінесе босатылғаннан кейін олардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылады.

Бүгінгі таңда жұмысқа орналастырылған сотталғандар санын көбейтуге және оларды тұрақты еңбек қызметімен қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалық мәселелер бар. 

Осы ретте Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен сотталғандардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында Астана қаласының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының базасында ағымдағы жылдың 3 тамызында Астана қаласының шағын және орта бизнес субъектілері үшін» дөңгелек үстел » өткізілді.  Аталған іс-шара Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен өзара іс-қимыл жасау кезінде жүзеге асырылды.

Дөңгелек үстелге 15-ке жуық шағын және орта бизнес субъектілері қатысты, кәсіпкерлерге Астана колониясында орналасқан жұмыс орнын ашуға болатын бос тұрған ғимараттардын фото-слайдтары көрсетілді.   

Аталған кездесу барысында келушілерге «Енбек» РМК филиалдарында жұмыс істейтін халық тұтынатын тауарларды дайындау цехы, темір — бетон бұйымдарын дайындау цехы, тігін бұйымдарын дайындау бойынша 2 цех, ағаш өңдеу цехы сияқты өндірістік цехтардың шығарылатын өнімдері ұсынылды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...