Елордалық колония базасындағы өндірістік алаңдар

Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің №2 мекемесінде «Еңбек-Аршалы» филиалы қызмет жасайды, қазіргі кезде онда 110 сотталған еңбекке жұмылдырылған.
Филиалдың негізгі қызметі, халыққа қажетті өндірістік өнімдер және техникалық қажеттіліктегі, құрылыстық-жөндеу арналған заттар, сонымен қатар темір өңдеу, тігін, ағаш өнімдерін, тас кірпіштерін өнідіріп сату болып табылады. №2 мекеменің өндірістік аумағында келесі цехтар жұмыс жасайды:

  • «Наубайхана цехы» — алаңы 69,2 ш.м құрайды. Мекемеге кемінде тәулігіне 500-540 бөлке нан пісіреді.
  • МӨ цехы (металл өңдеу) – алаңы 782,2 ш.м құрайды., темір терсек, фрезерлік өндіріс, өңдеу жұмыстарды атқара.
  • «тігін цехых» — алаңы 280 ш.м, нысанды киімдер, арнайы киімдер, төсек жабдықтар өндіреді.
  • «ХҚҚ» аймағы (халық қажеттілігіндегі тауарлар) — алаңы 140 ш.м, әр түрлі нысандағы және көлемдегі ағаш өндірісі.
  • ТТЗ (темір тас заттары) – алаңы 3933,6 ш.м, фундамент тастары, шеңберлер, қақпақтар өндірісі.
    Сонымен қатар, өндірістік аймақта бірлескен шарттар негізінде 5 бизнес субъектісі жұмыс жасайды.
  • «Сиера Лаб» ЖК – жиһаз цехы. Кәсіпкерлікте әр түрлі көлемде заманауи түріндегі үй, офиске, балабақша мен мектептерге арналған жұмсақ және корпустық жиһаз өндіріледі. Сонымен қатар ескі жиһазды қайта өңдеу жұмыстарын атқарады.
  • «БикОркен» ҚЖС – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы заттар өндірісі.
  • «Пэпер Пак» ЖШС – құрғақ құрылыстық қоспаларға арналған қағаз қаптарды шығарады.
  • «Бастау» ЖК – 2018 жылдан бастап жұмыс жасайды. Заманауи стильдегі ұлттық столдар, ыдыстар өндіреді.
  • «Самхат» ЖК – аяқ киімдер өндірісі.
    Қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелері сотталғандарды түзету шараларын атқарады. Соның бірі сотталғандарды ақылы еңбекке тарту. Сотталғандарға қылмыс кезіндегі келтірілген материалдық шығындарды төлетумен шектелмей, сонымен қатар туған туыстары мен жақындары көмектесіп, сотталған жұмыс жасап машықтанып, тәжірибе алып бостандықа шыққанда қоғамда тез бейімделуіне, кез келген жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
    Қазіргі кезде «Еңбек-Аршалы» филиалында өндіріске сұраныстың жоқтығына байланысты толық қуатталмаған. «Енбек-Аршалы» филиалы мекеменің өндірістік аймағында орналасқан бос алаңдарға кіші және орта бизнес өкілдерін, компанияларды кәсіпкерлікті жүзеге асыру мақсатында серіктестікке шақырады.
    «Мекемеде сотталғандарды жұмысқа тарту және оларға жұмыс орындарын құру актуалды болып тұр. Мекеме әкімшілігінің басты мақсаты, мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын ашу. Еңбектік тәрбие сотталғандарды түзету мақсатына жеткізетіндігін» №2 мекеме бастығы әділет подполковнигі Ағыбай Мухин атап өтті.