Елордалық колонияда Абай күні тойланды

10 тамыз- Қазақтын ақыны, композиторы, ағартушы және философы Абай Құнанбаевтың туған күні. Ол қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұнгыш классигі.

Бүгін Астана қаласы бойынша ҚАЖдепартаментінің №3 мекеменің қабырғасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күнің мерекелеуге орай сотталғандар арасында  “Күн артынан күн туар” атты әдеби-сазды кеш өтті. Мерекелік бағдарламада Абайдың “Көзімнің қарасы”, “Айттым сәлем,қаламқас”, “Қараңғы түнде тау қалғып” сияқты халық сүйіп тыңдайтын әндері және басқа да шығармалары орындалды. Сотталған Д. Абайдың атақты шығармасынан “Қара сөз” прозалық поэмасынан бірнеше трактаттар оқыды.

— Мен Абай Құнанбаевтың шығармаларын мектеп кезінен оқып, 8-сыныптан бастап Абай шығармаларының мағынасынан түсіне бастадым- деді сотталған С. Сондай-ақ, шара соңында ақынның туған жерлеріне жасаған сапарларынан бейнематериалдар мен сапарлардағы мұрағат материалдары экраннан көрсетілді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...