Елордалық колониядағы жұмыс кеңесі

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Ақмола облысы Аршалы кентінде орналасқан Астана қаласы бойынша ҚАЖД № 2 мекемесінің базасында мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесі қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру бойынша жұмыс кеңесін ұйымдастырып, өткізді.
Жұмыс кездесуіне мекеме аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған ЖК-нің шақырылған басшылары келді.
Кеңес барысында міндетті медициналық сақтандыру, талап-арыз міндеттемелері бар сотталғандар үшін жұмыс орындарын ұлғайту үшін өндірісті кеңейту мәселелері, сондай-ақ ағымдағы мәселелер қаралды.
“Бүгінгі таңда сот үкімі бойынша атқару парақтары бар сотталғандарды барынша жұмысқа орналастыру маңызды міндет болып табылады. Осы мақсатта өндірісті кеңейту және қосымша жұмыс орындарын ашу қажет», — деп атап өтті мекеме бастығы Ерлан Ұзақбаев.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...